Жаңалықтар

Көкейкесті мәселелер талқыланды

«Өрлеу» біліктілікті көтеру ұлттық орталығы» АҚ облыстық филиалында институттың профессор-оқытушы құрамы, Nur Otan партиясы қалалық филиалының «Құрмет» бастауыш партия ұйымының мүшелері, облыс мектептерінің мұғалімдері мен Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар, Ақтөбе құрылыс-монтаж колледждерінің оқытушылары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Глеб Щегельскиймен, Құралай Қаракенмен, Асылбек Смағұловтармен кездесті.

Сондай-ақ кездесуге Nur Otan партиясы Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жүсіпов, «Ақтөбе-Өрлеу» институтының әлеуметтік әріптестері — білім және ғылым қызметкерлері облыстық кәсіподағының еңбек жөніндегі құқықтық инспекторы А.Алимпиев, облыстық медиаторлар одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Балпейісова қатысты.

Кездесу барысында білім беру саласының бірқатар көкейкесті мәселелері талқыланды. Негізінен ҚР «Мұғалім мәртебесі туралы» Заңы туралы айтылды, жаңартылған орта білім мазмұны, 12 жылдық білім алуға көшу, оның заңдылық-нормативтік және теориялық-концептуалды негіздері жөнінде әңгіме қозғалды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жолдауында алға қойылған міндеттер түсіндірілді, мұғалімдердің сауалдарына нақты жауаптар қайтарылды.

Мәжіліс депутаттары кездесу барысында көтерілген мәселелердің оңды шешімін табуына мүмкіндігінше ықпал етуге сендірді.

Кездесу соңында институт директоры Нұргүл Әбішева Парламенттің Мәжіліс депутаттарына ұстаздармен жылы жүзді кездесуі үшін алғысын айтты.

М.ӘДІЛХАНОВА,

магистр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button